Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2025 года » Страница 4
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
18
февраль
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында Женсикбаева Назигуль Бахытовна 8"Ә" сыныбымен "Табиғи ресурстар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында мұғалім оқушылармен жағымды ахуал тудырып, жаңа тақырыпты меңгерту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білді. "Гүлмен тілек", "Жұмбақ арал", "Зерттей оқу", Суреттер сөйлейді" т.б әдістерді қолданып, сабақ мақсатына жете білді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті
18
февраль
2025
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті
№178 мамандандырылған лицейде 5, 7, 8 сынып оқушыларына «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовпен АӘТД пәнінің мұғалімі Б.А.Курмансейітов баяндама жасады. Жиналыс барысында оқушылар оқушылар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
17
февраль
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Ақпан айының 17-күні № 178 мамандандырылған лицей асханасындағы құс етін қамтитын өнімдердің сапасын тексеру бойынша мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушылыарға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Құс етін қамтитын тағамдардың сыртқы түрі, иісі, түсі және консистенциясы нормаларға сәйкестігі бойынша тексерілді. Тамақ өнімдерінің сақтау шарттары мен
“Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында сынып сағаты өтті.
17
февраль
2025
“Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында сынып сағаты өтті.
2025 жылдың 17-ші ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде 9 сынып оқушыларымен “Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сабақта балалар қалай салауатты өмір салтын ұстану, қалай денсаулықты дұрыс күту керектігін түсінді. Мақсаты: оқушыларға “Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” ұғымын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!
”Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” тақырыбында ұлдар жиналысы
14
февраль
2025
”Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” тақырыбында ұлдар жиналысы
№178 мамандандырылған лицейде ағымдағы жылдың ақпан айының 10-күні АӘД және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Б.А.Курмансейітов пен ДТІЖО Б.Н.Кутумов ”Ұл тәрбиесі–ұлт тәрбиесі” атты ұлдар жиналысын өткізді. Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру. Қатысқандар: 9-10 сынып ұлдары.  
Айтыс өнерінің абыз ақсақалы Жүрсін Ерманға ҚҰРМЕТ!
14
февраль
2025
Айтыс өнерінің абыз ақсақалы Жүрсін Ерманға ҚҰРМЕТ!
Айтыс өнерінің көшбасшысы, жүргізуші-реформаторы, қазақ поэзиясының қара нары — Жүрсін Ерман лицейімізге арнайы қонаққа келіп, ақынның туған күніне орай "Жүйрік ақын Жүрсін Ерман айтқандай..." тақырыбында 5-сынып оқушылары арасында өлең оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға бес сынып қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған және үздік номинация иегерлерін Жүрсін Молдашұлы өзі марапаттап, байқауға қатысқан оқушыларға өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ кеш соңында лицей
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14
февраль
2025
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 9 “Ғ” сынып оқушылары лицей кітапханасына кітап сыйлады. Кітап сыйлау күні 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен Халықаралық деңгейде аталып өтеді. Мақсаты: осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады.