Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейіміздің оқушылары "Amanat Kitap" кешіне қатысты
10
ноябрь
2023
Лицейіміздің оқушылары "Amanat Kitap" кешіне қатысты
Алматы қалалық "Amanat" партиясының Алатау ауданына қарасты филиалының жетекшісі Жарқын Алдамбергенқызының ұйымдастырылуымен поэзияға жаны жақын, лицейіміздің өлеңсүйер оқушылары,  классик, рухты ақын, қоғам қайраткері — Мұхтар Шахановпен өткен кездесуге қатысты.  Кездесуде ақынның өлең-жырлары жатқа айтылып, поэзиялық кеш жоғары деңгейде өтті.
11-сынып оқушылары жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары атанды
10
ноябрь
2023
11-сынып оқушылары жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ
     Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары - №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Мырзабекова Марал мен Токаева Айгерим салтанатты түрде І дәрежелі дипломмен марапатталды.      Жалынды да талантты оқушыларымыздың жеткен жетістіктері құтты болсын! Алдағы республикалық кезеңде оларға тек қана сәттілік тілейміз!
7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы өткізілді
10
ноябрь
2023
7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы
     №178 мамандандырылған лицейде "ЖасStar" өзін-өзі басқару парламент ұйымының ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы өткізілді. Нәтижесінде: 1-орынды Кайрхан Нұржан, 7 "Б" сынып оқушысы; 2-орынды Қуаныш Мейірлан, 7 "Г" сынып оқушысы; 3-орын Ихсан Шерухан, 8 "Д" сынып оқушысы жеңіп алды.     «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауын ұйымдастырғаны үшін 8 "Д" сынып оқушысы Мырзахмет Ақжарқын лицей директорының алғыс хатымен марапатталды.