«INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты
2023 жылғы 7-11 қараша күндері Индонезия мемлекеті Бали қаласында оқушылар арасындағы «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесі өтті. Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының қолдауымен аталған көрмеге №178 мамандандырылған лицей оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысып әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрініп алтын медаль иегері атанды. Ғылыми жетекшілері: Жұмабай Ф.М., Бақытжан Н.