Спортшы, ММА әлемінде 2022 жылдың ең үздік файтері Асу Алмабаевпен
Қазан айының 14-жұлдызында лицейімізде спортшы, ММА әлемінде "2022 жылдың ең үздік файтері" атанған Асу Алмабаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылармен сұхбаттаса отырып, өз өмірімен, тәжірибесімен және кеңестерімен бөлісті. Спорт сүйер шәкірттеріміз де өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, ыстық лебіздерін білдірді. Айта кетсек, Асу Алмабаев 1994 жылы Жамбыл облысы Жаңаталап ауылында дүниеге келген, жастайынан қазақ күресімен айналысқан. Бесінші сыныпта отбасы Алматыға көшіп, Асу