Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Спортшы, ММА әлемінде 2022 жылдың ең үздік файтері Асу Алмабаевпен кездесу
14
октябрь
2023

Спортшы, ММА әлемінде 2022 жылдың ең үздік файтері Асу Алмабаевпен кездесу

   Қазан айының 14-жұлдызында лицейімізде спортшы, ММА әлемінде "2022 жылдың ең үздік файтері" атанған Асу Алмабаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылармен сұхбаттаса отырып, өз өмірімен, тәжірибесімен және кеңестерімен бөлісті. Спорт сүйер шәкірттеріміз де өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, ыстық лебіздерін білдірді. Айта кетсек, Асу Алмабаев 1994 жылы Жамбыл облысы Жаңаталап ауылында дүниеге келген, жастайынан қазақ күресімен айналысқан. Бесінші сыныпта отбасы Алматыға көшіп, Асу каратэ, бокс, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсумен айналыса бастайды. Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы атанды. Қазіргі таңда рекорды 17/2-ге жетті. Сонымен қатар, қазақстандық файтер ACB, Alash Pride, Fight Nights Global, Naiza, M-1 және Brave CF ұйымдарында жеңімпаз атанып, Naiza және M-1 лигасында ең жеңіл салмақта чемпион болды. ММА әлемінде беделді Brave CF промоушенінде Асу Алмабаев жеңіске жетіп, 2022 жылдың ең үздік файтері атанды. Бүгінде 29 жастағы Асу Алмабаев Dar Team командасының өкілі. Әрі Асу Алмабаев ресми түрде әлемдегі ең үздік ММА лигасымен және UFC-мен  келісімшартқа отырып, алғашқы дебютын өткізді. Кездесу үшін үлкен алғыс білдіреміз!Болашақта жақсы жаңалықтар мен тек жеңістер күтеміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: