Жетістіктеріміз » Страница 49 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
29
ноябрь
2019
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
    «Ел Жастары» клубының белсенді мүшелері, 9 «и» сыныбының оқушылары Қыдырбек Ақнұр мен Мұратқызы Амина Нархоз колледжінде «Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыста жеңімпаз атанып, бизнес және кәсіпкерлік қабілеттері бойынша өз шеберліктерін шыңдады. Қос оқушымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!      Біздің клубымыздың қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының қабылдауында болды
27
ноябрь
2019
Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының
     Алатау ауданында «Біздің азаматтық позиция» тақырыбында өткен сайыстың ІІІ орын иегерлері мен «Туға қарап, бой түзе!» атты аудандық сайыста І орын жеңіп алған «Ел Жастары» клубының оқушылары лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлының қабылдауында болды.      «Құрметті, біздің оқушылар! «Ел Жастары» клубының белсенділері!    Сіздер қандай сайысқа қатыссаңыздар да, лицей намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанып, жүлделі орындардың қатарынан көрінесіздер. Өз білімдеріңіз бен
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
25
ноябрь
2019
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
   Алатау ауданы мектептері арасында №1 Оқушылар үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Туға қарап, бой түзе!» тақырыбында өткен ту ұстаушылар сайысында №178 лицейдің жанынан құрылған «Ел Жастары» клубының белсенді оқушылары І орынды жеңіп алды.    Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін оқушыларымызға алдағы уақытта да тек сәттілік пен жеңіс тілейміз. Жеңіс құтты болсын, «Ел Жастары»!
ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
19
ноябрь
2019
ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
    ХІІ Президенттік Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А. Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.  Президенттік олимпиада математика, физика, биология және химия пәндері бойынша 3 кезеңнен өтеді. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде I кезең – аймақтық өткізілді. Алматы қаласы бойынша, мақтана айтарлық, біздің лицейдің 11 сынып оқушылары математика, физика, химия және биология пәндерінен 34 оқушы жүлдегер атанып, І-ІІ-ІІІ орындарға ие
Жеңімпаздарымыз лицей директорының қабылдауында болды
18
ноябрь
2019
Жеңімпаздарымыз лицей директорының қабылдауында болды
    №181 жалпы білім беретін мектебінде «Біздің азаматтық ұстаным» тақырыбында өткен сайыстың жеңімпаздарын лицей  директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, өзінің жылы лебізін білдірді.      «Әр сайыста тәжірибе жинап, білімдеріңізді арттырып, шындала түсесіздер. Жеңіске жету арқылы көптеген тәжірибелерге сүйеніп, шеберліктеріңізді шыңдайсыздар.      Енді аудан көлемінде өтетін сайыста тағы да үздік екендеріңізді дәлелдеп, лицей абыройын асқақтата беріңіздер деп», сәттілік тіледі.     22
«Ел жастары» клубы тағы да жеңімпаз атанды
15
ноябрь
2019
«Ел жастары» клубы тағы да жеңімпаз атанды
    Алатау ауданы бойынша №181 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біздің азаматтық ұстаным» тақырыбында өткен сайыста лицей оқушылары І орынға ие болды. Осылайша кезекті жеңістеріне қол жеткізген  оқушыларымыз №201 мектеп-гимназиясында өтетін аудандық іріктеуге тікелей жолдаманы жеңіп алды. Лицейіміздің «Ел жастары» клубының оқушыларын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!      Біз – үлгілі, озат, белсенді, білімді оқушыларымызбен әрқашан мақтанамыз!
Лицей оқушылары Президенттік олимпиададан жүлделі орындарға ие болды
15
ноябрь
2019
Лицей оқушылары Президенттік олимпиададан жүлделі орындарға ие болды
     2019 жылдың 12–15 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті аясында Республикалық білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларының арасында жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндерден ХІІ Президенттік олимпиада  өткізілді.      Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден ХІІ Президенттік олимпиадаға №178 лицейдің 11
Лицей мұғалімдері – Алатау ауданының жеңімпазы атанды
12
ноябрь
2019
Лицей мұғалімдері – Алатау ауданының жеңімпазы атанды
   «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының 20 жылдығына арналған Алатау аудандық білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан, шахматтан, үстел теннисінен 9 қараша күні спартакиада өткізілді. Спартакиада да лицей мұғалімдері І және ІІ орындарға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.    Үстел теннисінен І орын алған лицей мұғалімдері: Утешова М.К, Әнәпьяев Е.М, Беделханов С.Т.    Шахматтан ІІ орын алған мұғалімдер: Аманбаев С.Н, Қасен Б, Шалқарова Б.    Волейболдан І
«№178 лицей» КММ 10-11 сынып оқушылары "DRONE CAMP" тақырыптық ауысым (Ресей. Тамбов қаласы)
04
ноябрь
2019
«№178 лицей» КММ 10-11 сынып оқушылары "DRONE CAMP" тақырыптық ауысым
     Ресей Федерациясының "білімді дамыту" мемлекеттік бағдарламасының "Сандық экономика" ұлттық бағдарламасының "Сандық экономикаға арналған кадрлар" федералдық жобасы аясында Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті Тамбов облысының Білім және ғылым басқармасымен бірлесіп, 2019 жылдың 28 қазан мен 10 қараша аралығында 10-11 сынып оқушыларына арналған "DRONE CAMP" тақырыптық ауысымын өткізуде.      Осы тақырыптық ауысымға қатысу үшін Қазақстаннан №178 лицей 10,11 сынып оқушылары және
"Абай дана, Абай дара қазақта..."
02
ноябрь
2019
"Абай дана, Абай дара қазақта..."
    Республикалық "Жас дарын" орталығының Абайдың 175 жылдығына орай өткізілген "Абай дана, Абай дара қазақта..." атты республикалық байқауда 178 лицейдің оқушылары жүлделі орындар алып қайтты.      "Көркемсөз" атылымы бойынша Бас жүлдені 7 а сынып оқушысы Жұманазар Амангелді жеңіп алса, 1-орынды 7 б сынып оқушысы Сұлтан Жарқын және 7 ж сынып оқушылары Жомарт Шапағат пен Жарқын Қарақат иеленді, ал "Шығарма" аталымы бойынша 7 ж сынып оқушысы Искакова Алтынай жеңімпаз атанып, 1-дәрежелі дипломмен