Жетістіктеріміз » Страница 31 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Nomad" фракциясы жүлделі III орынды жеңіп алды.
03
декабрь
2021
"Nomad" фракциясы жүлделі III орынды жеңіп алды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектеп оқушыларының Республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңінде Алатау ауданына қарасты N178 мамандандырылған лицейдің "Nomad" фракциясы жүлделі III орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарымыз Окан Асыл, Беделхан Олжасты шын жүректен құттықтаймыз! Биік тұғырлардан көріне беріңіздер!
"Тоғыз тосқауыл" атты танымдық-интеллектуалдық ойынның аудандық кезеңінің жеңімпаздары
24
ноябрь
2021
"Тоғыз тосқауыл" атты танымдық-интеллектуалдық ойынның аудандық
   Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырған "Тоғыз тосқауыл" атты танымдық-интеллектуалдық ойында №178 мамандандырылған лицейдің 8-10 сынып оқушылары І орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Лицей оқушыларының білім шыңдарын бағындырарына кәміл сенім артамыз, құтты болсын! 
"ТӘУЕЛСІЗДІК - мәңгілік елдің тұғыры" атты Алатау  аудандық мектеп президенттері арасындағы дебаттық турнирі өтті.
22
ноябрь
2021
"ТӘУЕЛСІЗДІК - мәңгілік елдің тұғыры" атты Алатау аудандық мектеп
Алатау аудандық білім бөлімі және 178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен "ТӘУЕЛСІЗДІК - мәңгілік елдің тұғыры" атты Алатау аудандық мектеп президенттері арасындағы дебаттық турнирі өтті. Дебаттық пікірсайыс нәтижесінде 1-орынды "Ең үздік спикері” атанып лицей президенті 11“А” сынып оқушысы Жүзбасар Арайлым иеленді. Шәкіртімізге жетістіктер биігін жетіп, шыңдарды бағындыра бер демекпіз!!!
11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды
19
ноябрь
2021
11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың
2021 жылдың 15-18 қараша аралығында Қарағанды қаласы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Білім додасында еліміздің барлық аймақтарынан 11-сыныптың 182 оқушысы математика, физика, химия және биология пәндерінен бақ сынады. №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі
"Адал ұстаз-2021" аудандық байқауының жеңімпазы анықталды
11
ноябрь
2021
"Адал ұстаз-2021" аудандық байқауының жеңімпазы анықталды
Мұғалімдердің мәртебесін арттыру, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке қосатын үлестерін көрсету және талантты, нағыз шығармашыл, адал ұстазды анықтау мақсатында Алатау ауданы мектептерінен іріктелген "Адал ұстаз" аудандық байқауында 19 мұғалім бақ сынады. Байқау нәтижесінде №178 мамандандырылған лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абуова Жазира Зияшевна 1 орын иеленіп, байқау жеңімпазы атанды. Жазира Зияшовнаға шығармашылық табысы шыңдала беруін тілейміз!
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
10
ноябрь
2021
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауының қалалық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Республикалық инновациялық идеялар "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауының қалалық кезеңінде "Құрылыс облысындағы жобалар" номинациясы бойынша 1 орын алғаны үшін лицейіміздің 9 "И" сынып оқушысы Мұрат Мансұр марапатталды. Жетекшісі: Ахметов Бегалы
"Қасиетті домбыра" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық байқауына қатысып лицейіміздің 9 "Ж" сынып оқушысы Қадырбеков Мәди 1 орын иеленді.
09
ноябрь
2021
"Қасиетті домбыра" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық
Қазақстан Республикасының 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы "Патриоттық рух-басты құндылық" жобасы бойынша Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында оқушылар арасында өткен "Қасиетті домбыра" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық байқауына қатысып лицейіміздің 9 "Ж" сынып оқушысы Қадырбеков Мәди 1 орын иеленген үшін марапатталды.
Лицей тәлімгері республикалық байқаудан ІІІ орын жеңіп алды.
03
ноябрь
2021
Лицей тәлімгері республикалық байқаудан ІІІ орын жеңіп алды.
Лицей тәлімгері республикалық байқаудан ІІІ орын жеңіп алды №178 мамандандырылған лицейдің тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан Өскемен қаласында республикалық "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" атты республикалық байқауына қатысып, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың арнайы ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңі.
29
октябрь
2021
«Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңі.
Жоғары деңгейдегі кәсіби құзіреттілікті көрсете білетін дарынды, шығармашыл психолог қызметкерлерді анықтау және психология ғылымының мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан №178 мамандандырылған лицейдің психологы Агажанова Жанна Алтынбековна жеңімпаз атанып,"Үздік жыл психологы" байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Жанна Алтынбековнаға республикалық кезеңде сәттілік тілей отырып, шығармашылық табысы шыңдала беруін
«Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы анықталды
29
октябрь
2021
«Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы
   Жоғары деңгейдегі кәсіби құзіреттілікті көрсете білетін дарынды, шығармашыл психолог қызметкерлерді анықтау және психология ғылымының мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан №178 мамандандырылған лицейдің психологы Агажанова Жанна Алтынбековна жеңімпаз атанып,"Үздік жыл психологы" байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Жанна Алтынбековнаға республикалық кезеңде сәттілік тілей отырып, шығармашылық табысы шыңдала беруін