«Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы, Нархоз университетінің экономикалық колледжінің бас директоры, э.ғ.к., доцент Сатаев Санат Ақылжанұлынан пікірі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы, Нархоз университетінің экономикалық колледжінің бас директоры, э.ғ.к., доцент Сатаев Санат Ақылжанұлынан пікірі
22
июль
2020

«Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы, Нархоз университетінің экономикалық колледжінің бас директоры, э.ғ.к., доцент Сатаев Санат Ақылжанұлынан пікірі

«Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы, Нархоз университетінің экономикалық колледжінің бас директоры, э.ғ.к., доцент Сатаев Санат Ақылжанұлынан пікірі

Ұдайы ізденісте жүретін, жүрегінің мейірімі мен білім нәрін шәкіртке арнаған «№178 лицей» КММ-нің ұстаздарының бірі Ағажанова Инеш Қуандықызы. Ұстаз оқытушылық қызметпен қатар лицейдің «Қамқоршылық кеңесінің» жұмыстарына да белсене ат салысады. Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен өзара ынтымақтастық, ұжымдық әрекет ету дағдысын қалыптастыруда көптеген жұмыстарға үлес қосып жүрген   ұстаз. Бізге әр уақытта өз көмегін аямайды. Лицей ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата–аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт–бағдар беріп жүреді. Тәуелсіздік күніне орай және «Наурыз» мерекесіне арналған іс-шараларды ұйымдастыруда, лицей  аумағын   көгалдандыруға, қарттар  күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараларды өткізу сияқты игі істерде Инеш Қуандыққызының еңбегі ерекше екенін айта аламын. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры-сырын таба білетін мұғалім. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай жүргізуге баса мән бере отырып, лицейдің Үштік одақ: оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы қарым-қатынасының  нығайып жұмысының жандануына да зор ықпалын тигізеді. 

Шәкірт жүрегіне білімнің шексіз қазынасы оңайлықпен жайылып сала бермейтінін айқын білетін ұстаз, лицейдің география пәні мұғалімі Ағажанова  Инеш  Қуандыққызы заманның талабына сай оқу, әдістемелік, тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру арқылы жас ұрпаққа сапалы білім беру мен тәрбиелеу ісіндегі жетекші ұстаздардың бірі.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: