Іс-шаралар » Страница 97 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында лицей оқушыларының құттықтауы
28
февраль
2021
1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында лицей оқушыларының құттықтауы
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке "1 наурыз - Алғыс айту күні" қарсаңында лицей оқушыларын ризашылық пен алғыс айтуға, әдептілікке, кішіпейілділік пен ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында лицейіміздің бітіруші түлектері Елбасына, Қазақстан Республикасы Президентіне, ұстаздар мен аналарға, барша қазақстандықтарға өздерінің алғысы мен ризашылығын білдіріп, құттықтауда.
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
25
февраль
2021
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
   № 178 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушыларын мамандыққа баулу мақсатында ағымдағы жылдың 23 ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне қарасты Халықаралық сервис және менеджмент колледж мамандары кездесу өткізді. Осы іс-шарада колледж мұғалімдері оқушыларға әр түрлі мамандықтар туралы айтып, бейне- таныстырылым көрсетті. Сонымен қатар, жеңілдіктер және алдын ала тестілеу жөніндегі деректер және қажетті құжаттар тізімі де хабарландырылды.
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған онлай көрме
23
февраль
2021
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтың 70 жылдығына орай №178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 23 ақпан күні онлайн-көрме ұйымдастырылды. Көрмені дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Базарбаев Еркебұлан мен Жампеисова Әсем өткізді.
5-11 сыныптарында "Тәуелсіздіктің дара жолы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
23
февраль
2021
5-11 сыныптарында "Тәуелсіздіктің дара жолы" тақырыбында сынып
2021 жылдың 23 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейдің 5-11 сыныптарында "Тәуелсіздіктің дара жолы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап, түсінік беру. Оқушылардың ойлау және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті. 
5-10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді
19
февраль
2021
5-10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тақырыбында
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 5-10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Шара мақсаты – балаларды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті және махаббатты одан әрі ояту, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, сонымен қатар дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу.
"Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагерлерін ардақтайық" тақырыбында өткен  танымдық сабақ
09
февраль
2021
"Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагерлерін ардақтайық" тақырыбында
№178 мамандандырылған лицейде  Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлердің еңбектерімен таныстыру мақсатында тарих пəнінің мұғалімі Ибрагимова Ұлту "Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагерлерін ардақтайық" тақырыбында 8 сыныптар арасында  танымдық сабақ өткізді. 
"Бейбітшілік үшін күрескен ержүрек батырлар" тақырыбында өткен ашық сабақ
09
февраль
2021
"Бейбітшілік үшін күрескен ержүрек батырлар" тақырыбында өткен ашық
 №178 мамандандырылған лицейде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерінің ерлік істерін ұлықтау мақсатында тарих пəнінің мұғалімі Темирова Гүлназ 7 "Б" сыныбында "Бейбітшілік үшін күрескен ержүрек батырлар" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
"Бейбітшілігіміз үшін күрескен қаһармандарымыз" тақырыбында өткен дөңгелек үстел
09
февраль
2021
"Бейбітшілігіміз үшін күрескен қаһармандарымыз" тақырыбында өткен
№178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Шынасыл Ғалымжан Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерді құрметтеу мақсатында 9,10 сынып оқушыларымен "Бейбітшілігіміз үшін күрескен қаһармандарымыз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
"Менің оқитын сүйікті кітабым"
06
февраль
2021
"Менің оқитын сүйікті кітабым"
Мамандандырылған лицейдің кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында "Менің оқитын сүйікті кітабым" тақырыбында онлайн режимде іс-шара өткізілді. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын оқып, оның мазмұнымен таныстырды. [media=https://youtu.be/gtEBAJ0pFSw]
"Ерліктері асқақтаған батырлар" тақырыбында  сурет байқауы
05
февраль
2021
"Ерліктері асқақтаған батырлар" тақырыбында сурет байқауы
№178 мамандандырылған лицейде патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында "Ерліктері асқақтаған батырлар" тақырыбында  сурет байқауы өткізілді.