Іс-шаралар » Страница 100 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
21
декабрь
2020
Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
   Өрттің алдын алу, жарақаттанудың алдын алу жұмыстарын оқыту және тиімділігін арттыру, жаңа жылдық мерекелер кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында №178 лицейде "Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында ата-аналармен және оқушылармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.         
"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы
18
декабрь
2020
"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы
Тәлімгер Тілеужан Әбілқайырдың ұйымдастыруымен лицейімізде 6-сынып оқушылары арасында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы өткізілді. Сайысқа төрт команда қатысып, өзара жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады. "Достық" командасы І орын иегері атанса, "Жас Ұлан" командасы ІІ орынға, "Самға" командасы ІІІ орынға тұрақтады.     
"Әке - асқар тау" тақырыбында ұлдар жиналысы өтті
18
декабрь
2020
"Әке - асқар тау" тақырыбында ұлдар жиналысы өтті
№178 лицейде 2020 жылдың 18 желтоқсан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов пен А.Ә.Т.Д. пәнінің мұғалімі Б.А.Қурмансейітовтың ұйымдастыруымен 5-11 сынып ұлдарымен "Әке - асқар тау" тақырыбында жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында ұлдар жиналысы өтті.
"Мәңгілік ел - біздің күш-қуатымыз" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді
15
декабрь
2020
"Мәңгілік ел - біздің күш-қуатымыз" тақырыбында тәрбие сағаттары
15 желтоқсан күні 5-11 сыныптарда "Мәңгілік ел - біздің күш-қуатымыз" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен тәрбие сағаттары жоғары деңгейде өтті.    
"Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" атты мәнерлеп оқудан жастар арасындағы патриоттық акция
15
декабрь
2020
"Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" атты мәнерлеп оқудан
Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге ат салысу мақсатында өткен "Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" атты мәнерлеп оқудан жастар
Independence Day of Kazakhstan
15
декабрь
2020
Independence Day of Kazakhstan
Independence Day of Kazakhstan is the main national holiday in the Republic of Kazakhstan and it’s  celebrated annually. On the 16th of December in 1991 Kazakhstan adopted the Constitutional Law on the independence of the Republic of Kazakhstan. This year it is going to be celebrated the 29th Independence day of our country. Our country is our song and its beauty inspires our youth. Kazakhstan’s day is being congratulated by pupils from the 9th grade from the lyceum № 178. Thank you very much!  
"Мәңгілік ел –біздің күш- қуатымыз" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді
15
декабрь
2020
"Мәңгілік ел –біздің күш- қуатымыз" тақырыбында бірыңғай сынып
     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күндерінің құндылықтарын насихаттау мақсатында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай №178 лицейде 15 желтоқсан күні 5-11 сыныптарда "Мәңгілік ел – біздің күш-қуатымыз" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.    
"Признание любви родному Казахстану" тақырыбында үш тілде эссе жазды
13
декабрь
2020
"Признание любви родному Казахстану" тақырыбында үш тілде эссе жазды
№178 лицей оқушылары "Признание любви родному Казахстану" тақырыбында үш тілде эссе жазды. Эссе жазудағы мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының арқасында жеткен жетістіктерін мадақтау, ел мен жерді сүюді, Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілікті арттыру.
"Тәуелсіздіктің шежіресі" тақырыбында эссе байқауы
12
декабрь
2020
"Тәуелсіздіктің шежіресі" тақырыбында эссе байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздіктің шежіресі" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған эссе байқауына 10 сынып оқушылары онлайн форматта қатысты. Нәтижесінде үздік жазылған эссе жеңімпаздары анықталып, лицейішілік мақтау қағаздарымен марапатталды.  
«Мазасыздануды төмендету» тақырыбында психологиялық тренинг
12
декабрь
2020
«Мазасыздануды төмендету» тақырыбында психологиялық тренинг
2020 жылдың 11 желтоқсан күні «Мазасыздануды төмендету» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен лицей психологі Агажанова Жанна zoom сессия залы арқылы тренинг өткізді. Мақсаты: мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету.  Түрі: тренинг жаттығулары  Тренинг барысында жеті логикалық тапсырмалардан басталды және миды демалдыру мақсатында «крокодил», «ok және Like», «өзіңді мақта» т.б. жаттығулар жүргізілді. Оқушылар психологиялық жаттығуларды белсене жасап отырды. Тренинг соңында оқушылар