Іс-шаралар » Страница 98 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..."
02
февраль
2021
"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..."
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына сай Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы"  ұйымдастырған "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..." атты  байқауының лицейішілік кезеңі ақпан айының 2-де № 178 мамандандырылған лицейде орта буын 5-7 сынып оқушыларының арасында өтті. Байқаудың мақсаты: жас ұрпақты көркем
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің"  тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді
28
январь
2021
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" тақырыбында қыздар жиналысы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.П.Дуйсенбекованың ұйымдастыруымен “Қыз Жібек” қыздар клубының жоспарына сәйкес "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің"  тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: оқушыларға ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімін нығайту.   Отбасындағы әр қайсысының өзінің орнын түсіндіру. Өзіміздің отанымыз және
"Еңбек түбі - береке" тақырыбында конференция өтті
24
январь
2021
"Еңбек түбі - береке" тақырыбында конференция өтті
Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужанның ұйымдастыруымен "Еңбек түбі - береке" тақырыбында оқушылармен конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: оқушылардың еңбекке деген құлшынысын арттыру және ата-аналары мен ұстаздарының өлшеусіз еңбектерін бағалауға баулу. Оқушылар слайдта көрсетілген суреттерге мінездеме беріп, өздерінің пікірлерін білдірді.
"Атадан қалған асыл сөз" тақырыбында мақал-мәтел сайысы
24
январь
2021
"Атадан қалған асыл сөз" тақырыбында мақал-мәтел сайысы
№178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Ертуғанованың ұйымдастыруымен аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру мақсатында 5 сыныптар арасында "Атадан қалған асыл сөз" тақырыбында мақал-мәтел сайысы өтті.
"Ұшқыр ой алаңы"  тақырыбы аясында дебат өткізілді
21
январь
2021
"Ұшқыр ой алаңы" тақырыбы аясында дебат өткізілді
Қазіргі таңда мектепішілік дебат технологиясын  дамыту – өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет.Осы мақсатта 2021 жылдың 22 қаңтар күні Алатау ауданы №178 лицейінде Рапилова Эльмираның ұйымдастыруымен "Ұшқыр ой алаңы"  тақырыбы аясында дебат өткізілді.  Дебат 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Мектептерде академиялық шындықты қалыптастыру» тақырыбында 8-10 сынып
"Кемел келешек кілті - ұлттық тәрбиеде" тақырыбында сынып сағаттары өтті
19
январь
2021
"Кемел келешек кілті - ұлттық тәрбиеде" тақырыбында сынып сағаттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбилеу мақсатында №178 лицейдің 5-11 сыныптарында 19 қаңтар күні "Кемел келешек кілті - ұлттық тәрбиеде" тақырыбында сынып сағаттары өтті.  
"Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
12
январь
2021
"Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаттары
№178 лицедің 5-11 сынып оқушыларымен "Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін арттыру, үнемі сақ жүруге, ең басты құндылық – адамның өмірі екенін естен шығармауға баулу.
"Біздің даңқты бабамыз  - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында онлайн режимде конференция өткізілді
12
январь
2021
"Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында онлайн
Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужанның ұйымдастыруымен, күллі қазаққа аты мәлім, аңыз, абыз ақсақал,  Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай 5-сынып оқушылары арасында "Біздің даңқты бабамыз  - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында онлайн режимде конференция өткізілді.  Конференцияның мақсаты: ел жүгін арқалап, 50 жылға жуық ел басқарған Дінмұхамед Қонаевтың ерен еңбектері мен тұлғалық қасиетін, оның даналығы мен кемеңгерлігін болашақ ұрпаққа насихаттау. Сондай-ақ
Балалар қолөнерінің онлайн көрмесі
09
январь
2021
Балалар қолөнерінің онлайн көрмесі
178 лицейде "Қазақстан балалары - қысқы ғажайып!" қысқы каникул кезіне балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатындағы жоспарға сәйкес сәндік-қолданбалы шығармашылық  бағыты бойынша  балалар қолөнерінің онлайн көрмесі ұйымдастырылды. 
"Көркем сөз" онлайн байқауы
08
январь
2021
"Көркем сөз" онлайн байқауы
№178 лицейде "Қазақстан балалары - қысқы ғажайып!" қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға, каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұймдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған жұмыс жоспарына сәйкес шығармашылық бағыты бойынша "Көркем сөз" онлайн байқауы ұйымдастырылды.