Іс-шаралар » Страница 138 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» бойынша  шеберлік сағаты
18
октябрь
2019
«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» бойынша шеберлік сағаты
    Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде 10 «г» сыныбында «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша лицей директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Шадиев К.Х. «Нарықтық тепе-теңдік баға» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.       Шеберлік сағатында  сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері  тақырыбында өзекті  мәселелер қозғалды. Шеберлік сағатына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранттары қатысты.  
Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
17
октябрь
2019
Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
     Алматы қаласының Цифрландыру бағдарламасын іске асыру  мақсатында  қалалық Цифрландыру департаментінің басшысы Б. Қоңырбаев пен   Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры А. Дупик   №178 лицейдің заманауи үлгідегі  робототехника бөлмесін көруге келді.     Лицейге келген қонақтар оқу бөлмесіндегі пайдаланылатын  «Arduino», «Lego Mindstormes EV3» және  т.б. құрал-жабдықтардың сапасына ерекше мән беріп, ондағы атқарылып отырған
Лицейімізде «Патриоттық әндер» сайысы өткізілді
16
октябрь
2019
Лицейімізде «Патриоттық әндер» сайысы өткізілді
№178 лицейде 5-8 сынып оқушылары арасында «Патриоттық әндер» сайысы өткізілді. Бұл сайыста оқушылар мәнерлеп өлең оқу, ән айту, айтыс өнері  бағыты бойынша бақтарын сынады. Іріктелген оқушылар алдағы уақытта лицейімізде өтетін іс-шараларда өнер көрсететін болады.
«Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқау
14
октябрь
2019
«Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқау
Республикалық «Жас Дарын» ДБО ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай өткізілген «Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқауда «Қолөнер» және «Бейнелеу өнері» аталымдары бойынша оқушыларымыз үздік өнер көрсеткені үшін біршеше бас жүлдені және бірінші орынды жеңіп алды.
Онлайн сабақ
14
октябрь
2019
Онлайн сабақ
2019 жылы 14 қазан күні сағат 11:00-де № 178 лицейдің "Алғашқы әскери және техникалық дайындық" кабинетінде 1-тақырып: «Баланың отпен ойнауы мен тұрмыстағы өрт шығу себептері» 2-тақырып: «Көкшетау техникалық институтының ережелері» тақырыптарындағы онлайн-сабақтар көрсетілді. Сабаққа 10-а,11-в сыныптарының оқушылары қатысты.
«Ағаш отырғызу» акциясы
12
октябрь
2019
«Ағаш отырғызу» акциясы
«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды,»- дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Акцияны өткізудегі негізгі мақсат қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан
«Қарттарым – асыл қазынам»
11
октябрь
2019
«Қарттарым – асыл қазынам»
     Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке лицей оқушыларының ата-анасы мен әжелері құрметті қонақ ретінде шақырылып, өз немерелері мен оқушылардың көрсеткен өнерлерін тамашалады. Кештің негізгі мақсаты қазыналы қарттарымызды сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-әже және немере арасындағы байланысты, ата-ана мен баланың қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында болды. Лицейіміздің белсенді
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары»
10
октябрь
2019
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары»
    Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде, қалалық «Мониторинг және талдау орталығы» жетекшілігінің лекторы Рахимгазиев Жайдар Тұрғанбекұлы оқушыларға «діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары» бойынша баяндама оқып, оқушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.     Сондай-ақ қазіргі кезде кеңінен жайлап, қоғамға кері әсерін тигізіп жүрген жат ағымдар жайында да маңызды ақпараттар назардан тыс қалмады.      Лектор, Жайдар Тұрғанбекұлы әлеуметтік желідегі кейбір
«Алтын сақа» олимпиадасы
09
октябрь
2019
«Алтын сақа» олимпиадасы
Алматы қаласы №178 лицейінің 5-6 сынып оқушылары арасында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіттің ұйымдастыруымен 25 қыркүйек күні матиматика пәнінен өткен «Алтын сақа» олимпиадасының  І кезеңіне қатысып, оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. 
Қазақтың мақтанышы –  Геннадий!
07
октябрь
2019
Қазақтың мақтанышы – Геннадий!
Қазақ елінің мақтанышы Геннадий Головкин кеше өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізіп, "IBF" және "IBO" белбеулеріне ие болды.  Геннадийді оңтайлы жеңісімен лицей оқушылары атынан құттықтаймыз! Жеңісің құтты болсын, GGG!  Сен - сөзсіз қазақтың мақтанышысың!  Алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тілейміз.  Күллі қазаққа керемет жеңістерімен қуаныш сыйлап жүрген былғары қолғап шеберіне үлкен алғысымызды білдіреміз.