Іс-шаралар » Страница 13 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатбаева Р.С. 8 “Ғ” сыныбымен қазақ тілі пәнінен “Болашақ мамандықтар” деген тақырыпта ашық сабақ өтті
22
ноябрь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатбаева Р.С. 8 “Ғ”
     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатбаева Р.С. 8 “Ғ” сыныбымен қазақ тілі пәнінен “Болашақ мамандықтар” деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолданып, сабақтың тақырыбын, тілдік бағдарды аша білді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
«Білім және мансап-2023» Халықаралық білім көрмесі
22
ноябрь
2023
«Білім және мансап-2023» Халықаралық білім көрмесі
     №178 мамандандырылған лицей  оқушылары 2023 жылдың 22 қараша күні Алматы қаласы «Атакент» көрме орталығында өткен «Білім және мансап-2023» Халықаралық білім көрмесіне барып қайтты.
10-сынып оқушыларымен "Абайдан тағлым - Абайға тағзым"  атты  сыныптан тыс ісшара  ұйымдастырылды
22
ноябрь
2023
10-сынып оқушыларымен "Абайдан тағлым - Абайға тағзым" атты
     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында 10-сынып оқушыларымен ұйымдастырылған "Абайдан тағлым - Абайға тағзым"  атты  сыныптан тыс іс-шарада оқушылар Абай Құнанбайұлы туралы оқыған шығармаларын иллюстрациялық суреттер арқылы бейнелеп, түйген ойымен, әсерлі сезімдерімен бөлісіп, арнау өлеңдерін оқып, Дана да, дара тұлға Абай шығармаларынан мол тағлым ала отырып, өмірлік ұстаным ретінде қалыптастырғанын байқадық. Ұйымдастырған  Етекбаева  Жанар  ұстазына оқушылардың алғысы
7"Ә" сыныбында қазақ тілінен "Достық - өмірлік нұсқа" тақырыбында ашық сабақ өтілді
21
ноябрь
2023
7"Ә" сыныбында қазақ тілінен "Достық - өмірлік нұсқа" тақырыбында
     №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтуде. 7"Ә" сыныбында қазақ тілінен "Достық - өмірлік нұсқа" тақырыбында ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі Ертуганова Б.Т. сабақта түрлі әдістер мен жаңа технология бағыттарын тиімді қолдана білді. Оқушылар түгелдей сабаққа атсалысып,тапсырмаларды қызыға орындады. Сабаққа әріптестер  жақсы пікірлер білдіріп, мұғалім мақсатқа жеткендігі айтылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл 7"Ә" сыныбымен "Сүйіспеншілік бастауы - туған жерді сүю" тақырыбында ашық сабақ өтті
21
ноябрь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл 7"Ә"
    №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында педагог-зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл 7"Ә" сыныбымен "Сүйіспеншілік бастауы - туған жерді сүю" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданып, балалардың қызығушылығын арттыра білді.
Мемлекеттік рәміздер–тарих құндылықтары
21
ноябрь
2023
Мемлекеттік рәміздер–тарих құндылықтары
     №178 мамандандырылған лицейде "Мемлекеттік рәміздер–тарих құндылықтары" тақырыбында 9-11 сыныптарға сынып сағаттары өткізілді.
"Ақын - елдің ардағы"
21
ноябрь
2023
"Ақын - елдің ардағы"
     №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында сыршыл ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Ақберен Елгезекпен  «Ақын - елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті. Кештің негізгі желісі қаламгердің «Болмаған балалық шақ» повесінің мазмұны бойынша өрбіді.       Кездесудің «Поэзия минуты» бөлімінде оқушылар ақынның «Тілек», «Түнек басып тұрғанмен көңілде нұр», «Мама»  және тағы басқа өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдеріне
«EKI Zhulduz CUP II» дебат турнирі
21
ноябрь
2023
«EKI Zhulduz CUP II» дебат турнирі
     2023 жылдың 21 қараша күні №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында «EKI Zhulduz CUP II» дебат турнирі өтті. Үздік ойын, әділ төрешілік, ерекше атмосфера сыйлаған бұл турнирдің басты ерекшелігі ОҚУШЫ  мен МҰҒАЛІМнің микс болып команда құруы! Турнир ұстаз бен оқушының арасындағы байланысты нығайтып, құндылықтарды насихаттауға бағытталған!        «Туран» университетінің «Sirius» дебат клубының  студенттері турнир төрешілері ретінде қатысты. Турнир
Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сүйіспеншілік - шынайы сезім” тақырыбында ашық сабақ өткізді
20
ноябрь
2023
Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сүйіспеншілік - шынайы сезім” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім өткізілген сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер пайдаланып, сабақтың оқу мақсатына жетті.  
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Кітап оқу” сайысының  ІІ кезеңі де тәмам
20
ноябрь
2023
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Кітап оқу”
     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Кітап оқу” сайысының  ІІ кезеңі де өз мәресіне жетті. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” кітапқұмар оқушыларымызға  ертеңгі соңғы кезеңде сәттілік тілейміз!