27
апрель
2020
«Біз біргеміз» акциясы
«Біз біргеміз» акциясының бастамашысы - «Nur Otan» партиясы. Ол Қазақстанның барлық өңірлерінде өтуде. Еріктілер тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына бірінші кезекте қажет азық-түлік пен қорғаныс құралдарын жеткізіп беруде. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған.Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі.Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар.Егер адам басқаларға жақсылық жасап, қиын кезеңде қол ұшын берсе, ол да оған жанашырлық танытады.Жақсылық жасау - әрбір адамның міндеті демекші, №178 лицейдің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.З.Абуова еріктілер тобының мүшесі болып, Алатау ауданындағы аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде.#Біз біргеміз#Бізүйдеміз#178