16
июль
2019
« Мектепке жол » акциясы
Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4-шілдедегі № 3-15-3/2317 хатын орындау негізінде 05 шілде мен 30-қыркуйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке балалардың мектепке келмеу жағдайларының алдын алу аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке!» ұранымен акциясын өткізуде. Осыған орай мектеп әкімшілігі аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек қол-ұшын берулеріңізді сұрайды. Мемлекетіміздің болашағы — ұрпағымыздың салауатты, саналы болуы үшін жақсылық жасаудан, игілікті істер атқарудан бас тартпайық. «Балам дейтін елі болса, елім дейтін бала болар».
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ ықшамауданының Суаткөл көшесі № 41 мекенжайы бойынша орналасқан «№ 178 лицей» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 оқу жылында жалпы саны 2114 оқушы оқиды, оның ішінде 12–ға жуық бала жартылай жетім, 51-ға жуық бала көп балалы отбасынан шықса, 4 бала тұл жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған.
«Балалардың алғысы сіздердің отбасыларыңызға алланың нұры боп жаусын, қайырымды жандар!"-деп мектеп ұжымы алғысын білдіреді.