2019-2020 оқу жылының ІV тоқсан сабақтары басталды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2019-2020 оқу жылының ІV тоқсан сабақтары басталды
12
апрель
2020

2019-2020 оқу жылының ІV тоқсан сабақтары басталды

2019-2020 оқу жылының ІV тоқсан сабақтары басталды

 (06.04.2020-11.04.2020 аралығындағы жұмыс есебі)


Қазақстандағы барлық білім беру мекемелерімен бірге №178 лицей оқушылары IV тоқсан сабақтарын қашықтан оқытудың бірінші аптасын аяқтады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  алдын ала жоспарлағанындай бірнеше форматта қашықтан оқыту жұмыстар атқарылды. Сабақ болған 5 күннің қорытындысы бойынша лицейімізде  жалпы интернет платформаларын интернет жылдамдығының мүмкіндігіне қарай мұғалімдер мен оқушылар kundelik.kz,  Bilimland.kz, daryn.online.kz интернет платформаларын қолданып, телевизиялық сабақтарға республикалық «Balapan» телеарналары арқылы қатысты.

06.04.2020 күні kundelik.kz электрондық жүйесі жұмыс істемеді, оның себебін, түрлі көлемі үлкен сандық ресурстардың пайдаланушылар,   яғни, мұғалімдер тарапынан жүктелгені деп табылып, келесі күні, бұл проблема шешімін тауып, жүйе жұмысы қалыпқа келді. 

Жалпы 5-11 сыныпта оқитын 2038 оқушының: 

  • kundelik.kz электрондық жүйесі арқылы – 2038 оқушы;

ü   Bilimland.kz  интернет платформасы арқылы- 1842 оқушы;

  • twig-bilim интернет платформасы арқылы- 1842 оқушы;
  • Imektep интернет платформасы арқылы- 1842 оқушы;
  • Itest интернет платформасы арқылы- 1842 оқушы;

ü   daryn.online.kz интернет платформасы арқылы – 2038 оқушы;

ü   Zoom интернет платформасы арқылы – 2038 оқушы;

  • MS teams интернет платформасы арқылы – 38 оқушы;
  • Google classroom қосымшасы арқылы –  61 оқушы;
  • Facebook интернет-ресурсы арқылы- 2038 оқушы;

ü   Instagram интернет-ресурсы арқылы- 2038 оқушы;

ü   WhatsApp мессенжері арқылы 2038 оқушы;

ü   Telegram интернет-ресурсы арқылы- 2000 оқушы;

ü   Youtube интернет-ресурсы арқылы-  1800 оқушы;

  • balapan телеарнасы арқылы – 2038 оқушы пайдаланды.

 Бес күнде 229 сабақтар өтіліп, 2035 оқушы қатысты. Қашықтықтан оқытылған сабаққа қатыспаған 3 оқушы: 5 «Г» сынып оқушысы Рахмет Дінмұхамед- ауруханада жатыр,  10 «В» сынып оқушысы Абидуллаева Айнагүл (көзіне ота жасалған, әзірше анықтамасы бар), 10 «Е» сынып оқушысы Қытай Халық Республикасында Құлжа қаласында (әзірше байланыс болмады).   Қала сыртында 181 оқушы, олардың барлығының қашықтықтан оқуға мүмкіндіктері бар. Үйден оқитын 1 оқушы (11 "Ә" Мұстафа Мәди), эксторнат 1 оқушы ( 7 «В» Бидан Альмунир). Бұл оқушылардың да   қашықтықтан оқуға мүмкіндіктері бар.

Туындаған қиындықтар:

  • оқушыларды толық қамту;
  • мұғалімдердің көпшілігі кері байланысқа бір мезгілде шығуы;
  • интернеттің және телефон желілерінің жылдамдығының баяу болуы;
  • құрылғылардың (девайсы) жетіспеушілігі;

 Дегенмен, бұл мәселелерді шешу жолдарын уақытында қарастырдық, яғни, әкімшілік пән мұғалімімен келісе отырып, ыңғайлы кері байланыс (сабақ кестесі) кестесін жасау, тапсырмалардың көлеміне назар аудару, оқушылардың жауаптарының келу мерзімін белгілеу және ата-аналарға балаларының сабақтарды қарауға және кері байланысқа өз уақытында шығуға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кері байланыс жасауды сабақтың және баланың жас ерекшелігіне сай жасау ұсынылды. Жазбаша жұмыстарды көп орындауды қажет ететін сабақтар немесе ауызша тапсырмаларды көп орындауды қажет ететін сабақтарда, сонымен қатар мұғалімнің пікірі маңызды роль ойнайтын төменгі сынып оқушыларына тапсырмалар дайындауда арнайы нұсқаулық басшылыққа алынуда.

Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылармен тығыз байланыста болып, жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында миристрліктен қашықтын оқыту бойынша келген бұйрықтар мен нұсқаулықтар (№ исх: 121   от: 31.03.2020 , № исх: 123   от: 01.04.2020 Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы, 08.04.2020-ғы № 135 шығыс хаты COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы), сұрақ-жауаптар бойынша өтіп жатқан түрлі деңгейдегі оқыту семинарларының сілтемелерін, жалпы, барлық ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз етіп отырмыз. Сонымен қатар, Zoom интернет платформасы арқылы конференциялар құрып, кафедра отырыстарын, жеке пән мұғалімдерімен түсініктеме жұмыстарын да жүргіздік.

Дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, көркем еңбек, өзін-өзі тану, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, музыка пәндері бойынша https://www.youtube.com каналдарының сілтемелері арқылы оқушыларға тапсырмалар берілуде. Мұғалімдер жеке дайындаған видео түсірілімдерін де қосымша көмек ретінде жіберіп отырды.

Лмцейдің әкімшілік тарапынан құрылған Call-орталығы ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан туындаған сұрақтарға дер кезінде жауап беріп, жұмыс тұрақты жүргізілуде. 


Оқушылар тұрғылықты жерлерінің, отбасылардың ерекшелігіне байланысты оқу форматтарын, платформаларды өздері таңдап кері байланыс  беріп отыр. Ата-ананың сұрауы бойынша 95 оқушыға  мектеп балансындағы компьютерлерді  (ПК-95, планшет-1) уақытша пайдалануға беріліп, көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда мұғалімге толық сенім артылған, ешқандай есеп беру, мектеп әкімшілігі тарапынан қысым  жасау туралы шағым жоқ, керісінше 97 мұғалімге мектеп балансындағы компьютерлерді  (ПК-45, ноутбук-42, моноблок-10) уақытша пайдалануға беріліп, көмек көрсетілді.

08.04.2020-ғы № 135 шығыс хаты негізінде биылғы оқу жылының соңында 9, 11 сыныптарда мемлекеттік қорытындылау емтихандары болмайды.   Төртінші тоқсанда мұғалім бөлім бойынша жиынтық бағалауды (БЖБ) 1 рет өткізеді (4-8 мамыр)  және жиынтық бағалауды (ТЖБ) 1 рет тоқсанның соңында өткізеді (18-22 мамыр). ТЖБ бойынша алған бағалары, өткен үш тоқсанның қорытынды бағалары бойынша қорытынды бағалары шығып, бітірушілер аттестаттарын алады.

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар, бүгінгі күннің еншісінде қалатын сын сағатта бірлесе атқарған ісіміз жеңісті де, жемісті болғай! #БІЗБІРГЕМІЗ!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: