Кафедралардың онлайн конференциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2020

Кафедралардың онлайн конференциясы

   

    Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде Физика-информатика, Математика, Жаратылыстану, Қазақ тілі мен әдебиеті, Гуманитарлық пәндер, Дене шынықтыру, АЭТД және эстетикалық пәндер кафедраларының қатысуымен онлайн конференция өткізілді. 
  Конференцияны лицейіміздегі математика пәнінің мұғалімі, ІТ саласының маманы Касен Бауыржан жүргізіп, мұғалімдердің көкейтесті сұрақтарына жауап берді. 
   Конференцияның негізгі бағыттары мына сұрақтар бойынша қамтылды. 
   1. Платформалармен қалай жұмыс жасау керек? 
   2. Оқушының жұмысын қалай тексереміз? 
   3. Рейтинг қалай жасаймыз? 
   4. Оқушыға қалай мотивация беруге болады? 
   Аталған сұрақтардың жауабы ескеріліп, онлайн конференцияда барлық сұрақтарға жауаптар қайтарылып, мұғалімнің жұмыстары назардан тыс қалмады.  
   2019-2020 оқу жылы қорытынды тоқсанының екінші аптасы да басталды. 
  Оқушылардың ыңғайлы сабақ оқуы, мұғалімдердің тиімді және түсінікті жұмыстарына байланысты екендігі сөзсіз. Сондықтан онлайн конференциялар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, бұл жүйенің тиімділігі және түсіндірмелі жұмыстары өз жалғасын табатын болады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: