КАФЕДРА ОТЫРЫСЫ: физика, информатика кафедрасы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КАФЕДРА ОТЫРЫСЫ: физика, информатика кафедрасы
27
март
2020

КАФЕДРА ОТЫРЫСЫ: физика, информатика кафедрасы

Елімізде төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 06 сәуірінен бастап Қазақстан мектептері қашықтықтан оқыту форматына көшеді. Осыған орай, Алатау ауданы №178 лицей мұғалімдері IV тоқсанда болатын  қашықтықтан оқытуға дайындықты пысықтау мақсатында әр кафедра мұғалімдерімен жеке кафедра отырыстарын өткізіп бастады.  27.03.2020 ж  start zoom қосымшасы арқылы физика, информатика кафедрасының отырысын өткізіді. Бастапқы кезеңде кафедра отырысында ІІІ тоқсан бойындағы жүргізілген жұмыстарды қортындылап кафедра жетекшісі Яньмин Гүлзия баяндама жасады. Атап айтар болсақ, арамыздағы жас мамандардың тәжірибесін жетілдіру барысындағы жүргізілген іс-шаралар және оны дамыту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, қалалық пәндік  олимпиадасындағы кемшіліктерге баса мән беріліп, дарынды оқушылардың білімін нығайту үшін резерв жұмысын жандандыруға барлық мұғалімдердің жауапкершілігі ескерілді.
    IV тоқсанда болатын  қашықтықтан оқытуға арналған пікір алмасу болды. Пікір алмасуда оқу ісінің меңгерушісі Шажабаева К.С қашықтықтан оқыту туралы баяндама жасады.  Желідегі түрлі оқыту платформаларын  тиімді қолдану аясында мұғалімдер арасында жақсы пікір алмасу болды. Физика пәнінің мұғалімі Рашат Табысбек start zoom қосымшасымен қатар сабаққа дайындалуда пайдаланатын басқа да тиімді қосымшаларды көрсетті.
    Отырыстың соңында IV тоқсандағы қашықтықтан оқытуға байланысты әр сыныптың оқу мақсатына сай презентация жасау, тапсырма жасау т.б байланысты мұғалімдерге  тапсырма берілді. #BizBirgemiz #akimat_alatau #alatau_roo

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: