«Абайды оқы, таңырқа!» байқауы басталды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайды оқы, таңырқа!» байқауы басталды
02
март
2020

«Абайды оқы, таңырқа!» байқауы басталды

     

                                                                     «Абайды оқы, таңырқа!»

     Абай мұрасы – мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз. Абай шығармаларының өзгеден ерекшелігі ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылғандығы.

     №178 лицейде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұлы ойшылдың шығармаларын жатқа оқып, мәнерлі айту байқауы басталды. Лицей оқушыларының Абай шығармаларына әуес екені байқалады. Бұған сайысқа қатысамын деушілердің көптігі  дәлел. Жас ерекшелігіне, ұлтына, тілі мен діліне қарамастан, бұл шығармалар бәріне ортақ. Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысады. Басты шарт – Абай мұрасымен терең таныс болу. Сайыста Абайдың шығармасын мәнерлеп, жатқа айтып қана қоймай, мағынасын жүрекпен түсініп, сахнада актерлік шеберлікті таныту қажет. Байқау "Абайтану" пәнінің мұғалімі Тілеужан Әбілхайырдың ұйымдастыруымен 10 күнге созылады.  


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: