«Абай жүрген ізбенен...» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2020

«Абай жүрген ізбенен...»

      «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай Құнанбаевтың 175 жыл» мерейтойына орай 2020 жылы 28 қаңтар күні  №178 лицейде 5-11 сыныптарда «Абай жүрген ізбенен...» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 

    Сынып сағатының мақсаты: Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған ақын шығармаларын мәнерлеп оқу, ақын туралы мәліметтерге тоқталып, мазмұнын ашу, жастарды адамгершілікке, имандылыққа, өнегелі болуға тәрбиелеу.
     Абай - әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Данышпан Абайдың ұлылығы мен ерекшелігі, табандылық пен мақсаттылықты дәріптей және оның өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты бұрын-соңды болмаған биіктікке көтере алды. Біз Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу халықтың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерілетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі екендігі туралы мағлұматтар оқушыларға жеткізілді.
      Сабақ сонында оқушылар Абай Құнанбаев туралы сұрақтар қойып, сабақ қызу пікір-таласқа айналды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: