«Қош келдің, Жаңа жыл!» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
декабрь
2019

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жаңа күнде ән қылып, 
Тек жүреміз сән құрып. 
Көңілдердей қартаймай, 
Шырша тұрар мәңгілік!- дегендей, біздің № 178 лицейімізде  2019 жылдың 24-26 желтоқсан күндері  «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында 5-11 сыныптар аралығында жаңа жылдық мерекелік  іс-шаралар өткізілді. Шара барасында қазақ эстрада әншісі Серікбол Сайлаубек оқушыларға келе жатқан жаңа жылға мерекелік ізгі тілегі мен лебізін айтып құттықтап, соңы мерекелік ән шашуға ұласты. Балалар үшін жаңа жыл - қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлайтын ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жақсылық, жаңа бақыт, қуаныш күтеміз.  Жаңа жылдық мерекеге лицей оқушылары өздерінің  дайындап келген  жақсы әсем әндерін шырқап, би биленіп ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көңілді, қызықты ойындар ойналды. Жаңа жылдық шара оқушылар көңілінен шықты.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: