«Тәуелсіздік - қазағымның төлқұжаты» атты тақырыпта мерекелік іс-шара » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік - қазағымның төлқұжаты» атты тақырыпта мерекелік іс-шара
13
декабрь
2019

«Тәуелсіздік - қазағымның төлқұжаты» атты тақырыпта мерекелік іс-шара

2019 жылдың 13 желтоқсан күні  №178 лицейде «Тәуелсіздік – қазағымның  төлқұжаты» атты тақырыпта Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, желтоқсан оқиғасына қатысқан жауқазындарды еске ала отырып, олардың ерліктері жөнінде мәлімет беру.
     Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған Егеменді елміз. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Ғасырларға созылған асыл арманымыз, теңгесі жоқ жетістігіміз – мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 28 жылдық Ұлы мерекесі қарсаңында отырмыз. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты.  
    Мерекелік іс-шара екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде оқушылар желтоқсан жауқазындарына арнаған өлең жолдарын оқып, желтоқсан құрбандары туралы мәліметтер айтып өтті. Екінші бөлімінде Тәуелсіздік мерекесіне дайындаған  шағын көрініс қойылды. Мерекелік іс-шараны «Қазақстаным» әнімен қорытындыладық.                                                                        
    Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Халқымыздың бұл аса қуанышты мерейтойы құтты болсын! Мемлекетіміз Мәңгілік Ел болғай. Сол үшін бәріміз де бір кісідей аянбай еңбек етейік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: