«Ерте жүктіліктің ертеңі қауіпті» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2019

«Ерте жүктіліктің ертеңі қауіпті»

     2019 жылдың 3 қазанында №29 қалалық емхананың акушер-гинекологы Л. М. Устемирова №178 лицейде 9 сынып  қыз балалары арасында «Ерте жүктілік», «Жеке гигиена» туралы семинар өтті. 
     Семинардың мақсаты - ерте жүктілік мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, қыздардың денсаулығын сақтау. Дәрігермен әңгіме ауқымды және ашық болды. Қыздар-жасөспірімдер өз пікірлерін айтты, сұрақтар қойды, семинарға белсенді қатысты, сондай-ақ көптеген жаңа және қажетті ақпаратты білді.Ерте жүктілік қазіргі қоғамның маңызды медициналық және әлеуметтік мәселесі болып табылады. Ата-аналар өз баласын жыныстық өмірдің басталуына елеулі психологиялық дайындық жүргізуі тиіс, және де оны тым кеш болған кезде емес, алдын ала жасау керек.
     Сондай-ақ, семинар соңында МӘМС енгізу мәселелері бойынша емхана спикері Бақыт Әбілғазықызы №178 лицейдің оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. МӘМС жүйесіндегі өз мәртебесін қалай тексеру керек, оның артықшылықтары, жүйе шеңберінде қандай көмек көрсетілетін болады, МӘМС және ТМККК пакеттері туралы – осындай және басқа да көптеген мәселелер біздің қыздарды қызықтырды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: