«Қарттарым – асыл қазынам!» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2019

«Қарттарым – асыл қазынам!»

Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерекелер болады. 1 қазан күні сол мерекелердің бірі Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Аталған күні, қарт ата, әжелерімізге тиісті құрмет көрсетіп, еліміздің дамуы мен құрылуына орасан зор еңбек етіп, ерлік жасаған жандарға алғысымызды білдіреміз.

1 қазан күні біздің №178 лицейде ардагер ұстаздарды да назардан тыс қалдырмады. Биылғы жылы барлық сыныптарда тәрбие сағаттары мен  концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.   

     Осы күні ардагерлердің сүйікті әндері ойналып, лицей оқушылары ардагерлерге шын көңілдерімен жылы лебіздерін білдірді.

Ардақты ардагерлеріміз өздерін жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке марқайып, алғыстарын білдірді. Барлық ардагерлерге жан жылуын, жақындарының қолдауын, денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: