10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан көтерілісінің ардагерлері Әбдіқұлов Мырзағұл және Светлана Жумагазиевнамен кездесті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан көтерілісінің ардагерлері Әбдіқұлов Мырзағұл және Светлана Жумагазиевнамен кездесті.
19
декабрь
2023

10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан көтерілісінің ардагерлері Әбдіқұлов Мырзағұл және Светлана Жумагазиевнамен кездесті.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары еді. Әрі бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болды. 
"Қилы заман мықты адамдарды тудырады, ал мықты адамдар бейбіт заман тудырады" демекші бүгін №178 мамандандырылған лицейдің 10«Ә» сынып оқушылары тәуелсіздік жолында күрескен 16 желтоқсан көтерілісінің ардагерлері  Әбдіқұлов Мырзағұл және Светлана Жумагазиевнамен  кездесті. Кездесу барысында өз өмірін ойланбастан елі үшін өлімге тіккен ардагерлер бастан кешкен оқиғасы жайлы баяндап, оқушылар көздеріне жас алды. Алғыс ретінде сыныбымыздың дарынды да талантты оқушыларының бірі Төкен Ақжол "Қайрат Рыскулбековтың" монологын нақышына келтіре оқып берді. Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік қасиетті арттыру мақсатында ұйымдастырылған керемет кездесу үшін АӘТД пәні мұғалімі Құрмансейітов Бауыржан Абайұлына мың алғыс білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: