"Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу сағаты өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу сағаты өтті
15
декабрь
2023

"Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу сағаты өтті

Алматы қаласы Алатау ауданы "ALATAU CREATIVE HUB" орталығында желтоқсанның он бесінші жұлдызында, Тәуелсіздік күніне арналған, ұйымдастырылған "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу сағаты өтті. "ALATAU CREATIVE HUB" орталығының директоры Роза Жүнісқызының ұйымдастыруымен өткен бұл кездесуге №178 мамандандырылған лицейдің 8"З" сынып оқушылары сынып жетекшісі Ж.Б. Терлікбаевамен бірге қатысып қайтты.
     Желтоқсан оқиғасының қайраткерлері Мырзағұл Әбдіқалықов және Светлана Серікбаева кездесу барысында тәуелсіздіктің елімізге оңай келмегендігін, бастарынан өткен қиын-қыстау күндері жайлы айтып өтті. Әрі домбыра, сазсырнай, жетіген аспаптарында ойнаған оқушылардың күйін тыңдап, өнерлеріне тәнті болды. Іс-шара соңында оқушылар: Қадыр Мұса, Әсибай Іңкәр желтоқсан қайраткерлеріне ерліктері үшін алғыстарын білдіріп, тілектерін айтты. Сонымен қатар, ұйымдастырушы Роза Жүнісқызы №178 мамандандырылған лицейдің әкімшілігі мен ұстаздар қауымына, оқушыларына кездесу сағатына уақыт бөліп, қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: