«Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті
24
ноябрь
2023

«Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті

     2023 жылғы 24 қараша Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан Alatau Creative Hub орталығында 7-11 сынып ата-аналарына арналған «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
 Көңілді ойын-тренингпен басталған жиналыс барысында:
1. «Мамандықты дұрыс таңдаудағы ата-ананың рөлі мен грантқа түсудің 7 жолы» тақырыбында  профориентолог, коуч, СДУ қабылдау комиссиясының төрағасы Омарбек Көшкімбайұлы; 
2. «Оқушыларды өмірге бейімдеу мен әлеуметтендірудегі кәсіби бағыт-бағдар берудің өзектілігі» тақырыбында кәсіби бағдар үйлестірушісі Ә.Е. Тілеужан; 
 3. «Құқық бұзушылықты алдын алу» мәселесі бойнша Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры Л.Т. Жампеисова;
4. «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында лицей психологтары Ж.А. Ағажанова мен А.Н. Имамадин ерекше тоқталып, балаға қолдау көрсету, әрі қабілет-қалауына сай дұрыс бағыт-бағдар беру аса маңызды екенін тілге тиек етті.
 Мақсаты: Отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-аналар ынтымақтастығын күшейту, лицей мен ата-ананың байланысын арттыру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: