«Ынтымағы жарасқан ел озады» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2019

«Ынтымағы жарасқан ел озады»

      «Бірлік болмай, тірлік болмас», деген атам қазақ. Бүгін №178 лицейде «Ынтымағы жарасқан ел озады»   тақырыбында  1 мамыр Қазақстан  халқының ынтымақ пен бірлік күнін тойлауда. Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.  Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан  130 – дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлтты –  лицейіміздің 5-6 сынып оқушылары әртүрлі  ұлттардың мерекеде әнін айтып, билерін билеп, жалпы халықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді. Мейрам соңында оқушылар марапатталды.     







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: