Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
19
январь
2019

Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы

Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. №178 лицей бойынша 2019 жылдың 10 қаңтар мен 10-ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып отыратын іс шара. Акцияның мақсаты күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытып көмек көрсеткендерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!! Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен алдағы уақытта демеуші болам деген азаматтарды күтеміз. Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: