«Жас Ұлан, Жас Қыран» ББЖҰ қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан, Жас Қыран» ББЖҰ қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
02
июнь
2023

«Жас Ұлан, Жас Қыран» ББЖҰ қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

2023 жылдың 2 маусымында Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар Сарайы» МКҚМ-нда  «Жас Ұлан, Жас қыран» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерін салтанатты қабылдау  жиыны өтті. Жиында «Жас Ұлан» ұйымы қатарына жаңадан қабылданған оқушылар Отансүйгіш азамат болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беру рәсімін жасады. Сондай-ақ, ұйым мүшелеріне көк галстук пен «Жас Ұлан» төсбелгісі тағылды. Лицейімізден 6 «Ә» сынып оқушысы Толқынұлы Ерасыл қатысып, «Жас Ұлан» ұйымына мүшелікке қабылданды. Тәуелсіз елдің көк туын биікте желбіретіп, абыройын асқақтататын азамат болуға тілектеспіз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: