Лицейде «Тұғыры биік, лицейім!» тақырыбында «Тәуелсіздік CUP I» республикалық дебат турнирі өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде «Тұғыры биік, лицейім!» тақырыбында «Тәуелсіздік CUP I» республикалық дебат турнирі өтті.
23
май
2023

Лицейде «Тұғыры биік, лицейім!» тақырыбында «Тәуелсіздік CUP I» республикалық дебат турнирі өтті.

«Тәуелсіздік CUP I» республикалық дебат турнирі
🔴 Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдығына орай «Алаш жастары» лицей дебат клубының ұйымдастыруымен 2023 жылғы мамырдың 20-21 күндері мектеп оқушылары арасында «Тұғыры биік, лицейім!» тақырыбында «Тәуелсіздік CUP I» республикалық дебат турнирі өтті.
🟠 Турнирге Алматы қаласынан және республиканың басқа өңірлерінен барлығы 40 команда, 80 оқушы қатысты. Турнир Америкалық Парламенттік Форматында (АПФ) өткізілді.
🟡 Дебат барысында тақырыптар төңірегінде турнир қатысушылары тың пікірлері мен ойларын ортаға салды. Қызу пікірсайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандар анықталды.
🟢 Турнир қорытындысы бойынша: 1️ орынды (директор кубогы, диплом және жүлде қоры 50000тг) Алматы облысы «Жабғу» фракциясы, 2️ орынды (диплом, жүлде қоры 30000тг) Алматы облысы Қаскелең қаласының «Коллинеан» фракциясы, 3️ орынды (диплом, жүлде қоры 20000тг) Алматы облысы Іле ауданы «Менің сүйікті фракциям» дебат командасы иеленді.
🔵 Сонымен қатар, тартысты ойын көрсеткен фракциялар мен фракция мүшелері: 🔻 «Үздік талпыныс» номинациясы (кіші кубок, жүлде қоры 10000тг) – Алматы қаласы № 92 мамандандырылған лицейдің «Парасат» фракциясы; 🔻«Үздік ойын» номинациясы – Алматы қаласы Абай атындағы РММИ «Кegen»фракциясы; 🔻«Үздік ойыншы» номинациясы – Алматы қаласы Абай атындағы РММИ «Zharyk» фракциясының ойыншылары Тельман Назым мен Ғалымжанқызы Арайлым; 🔻 ЛД «Ең үздік спикер» номинациясы – Алматы қаласы Абай атындағы РММИ «Кegen»фракциясының ойыншысы Джумадин Ерасыл.
🟣 Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: