«Оқу-тәрбие үдерісінің өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқу-тәрбие үдерісінің өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.
28
март
2023

«Оқу-тәрбие үдерісінің өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.

  Алатау ауданы Білім бөлімінің қолдауымен №178 мамандандырылған лицейде «Оқу-тәрбие үдерісінің өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумға Алматы қаласы Алатау, Бостандық, Наурызбай аудандарының білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
  Іс-шараның салтанатты ашылуында лицей директоры К.Х. Шадиев «Лицейдің жаңару мен даму жолдары» тақырыбында баяндама жасап, 10 жыл тарихы бар білім мекемесінің он белесті қадамын ортаға салды. Сонымен қатар, «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігінің критерийі мен диагностикасы» айдарымен мұғалімдердің кәсіби өсуіндегі тиімділіктің негізгі көрсеткіштері арқылы диагностикалау бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Даулетбаева өз тәжірибесімен бөлісті.
Лицей педагог-психологы Ж.А. Агажанова семинарға қатысушылардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу мақсатында психологиялық тимбилдинг өткізді.
  «Almaty Ustazy» конкурсының жүлдегері, математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Л.Е.Амалбекова Финляндия елінде өткен тағылымдамасы аясында баяндама жасады.
Семинар соңында ұйымдастырылған кері байланыс нәтижесінде білім беру мекемелерінің басшылары өткен шараның тиімділігін, тәжірибеге бағытталғанын және қажеттілігін атады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: