Мектепке жол акциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
август
2017

Мектепке жол акциясы

« МЕКТЕПКЕ ЖОЛ 2016» акциясы аясында
Қазақстан Республикасы бойынша 2017 жылдың 1 тамыз- 30 қыркүйек аралығында « Мектепке жол » акциясы оныншы жыл өткізіліп келеді.Сонымен қатар Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 25-шілдедегі №3-18-3/2439 хатын орындау негізінде 1-тамыз бен 30-қыркуйек аралығында «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен акциясын өткізуде.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың барлық мектеп жасындағы балалардың мектепке толықтай баруын қамтуы жайлы тапсырмасын орындау Білім және Ғылым министрлігінің ұсынысына орай № 178 лицейінде де жылдағы дәстүр бойынша «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс – шаралар жоспары жоспарланып , осыған орай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Акция аясында мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту шаралары өткізілді. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 48 ( 820000 мың тенгеге) аз қамтылған , көп балалы,толық емес отбасы балалары,ерекше көмек қажет ететін жетім балаларға мектеп формасы табыс етилді .
Акция барысында оқушыларға бұл акцияның мақсаты мен міндеті түсіндірілді. Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы ұрпағымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтып, мейірімділік, қайырымдылық сияқты сезімдерін оятары хақ.
Мемлекетіміздің болашағы – ұрпағымыздың салауатты, саналы болуы үшін жақсылық жасаудан, игілікті істер атқарудан бас тартпайық. «Балам дейтін елі болса, елім дейтін бала болар»
Бүгінгі таңда бала болашағына үкіметіміз ерекше мән бере қарауда. «Мектепке жол» республикалық акциясы осы мақсатпен ұйымдастырылып, еліміздің барлық аймағында қызу жүргізілуде. Баланы мектепке әзірлеу тек ата – ананың ғана емес, мектептің, қоғамның міндеті екендігін түсіне отырып, бүгінгі таңда қоғам-мектеп-отбасы бірлесе отырып қимылдау үстінде.

№178 лицей директоры: Ә.Қ.Өтеш

Байланыс телефоны: 8 778 920 77 18
Әлеуметтік педагог: Ш.Ә.Шойынбаева
02.08.2017

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 январь 2017 "Қамқорлық" акция
16 февраль 2015 Хабарландыру