Мектепке жол акциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
август
2016

Мектепке жол акциясы


«Мектепке жол 2016» акциясы аясында
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың барлық мектеп жасындағы балалардың мектепке толықтай баруын қамтуы жайлы тапсырмасын орындау Білім және Ғылым министрлігінің ұсынысына орай «Жақсылық жасауға асығайық!» атты үндеуді қолдау мақсатында № 178 лицейінде де жылдағы дәстүр бойынша «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс – шаралар жоспары жоспарланып , осыған орай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Акция аясында мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту шаралары, соның ішінде аз қамтылған отбасы , көп балалы,толық емес отбасы балалары,ерекше көмек қажет ететін, жетім балалар, ата – анасының қамқорынсыз қалған балаларға 2016 жылдың тамыз айының бірінші аптасында демеушілік – көмек ретінде 6 оқушыға спорт формасымен , "Арлан” базарының басшылығы барлығы 80000 теңгеге қаржылай көмек көрсетілді.
Осы лицейдің асхана меңгерушісі Толекова Назира ханымда ұжымға бірлесе отырып, 100 000 теңгеге 20 баланы мектеп сөмкесімен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
Акция барысында оқушыларға бұл акцияның мақсаты мен міндеті түсіндірілді. Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы ұрпағымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтып, мейірімділік, қайырымдылық сияқты сезімдерін оятары хақ.
Мемлекетіміздің болашағы – ұрпағымыздың салауатты, саналы болуы үшін жақсылық жасаудан, игілікті істер атқарудан бас тартпайық. «Балам дейтін елі болса, елім дейтін бала болар»
Бүгінгі таңда бала болашағына үкіметіміз ерекше мән бере қарауда. «Мектепке жол» республикалық акциясы осы мақсатпен ұйымдастырылып, еліміздің барлық аймағында қызу жүргізілуде. Баланы мектепке әзірлеу тек ата – ананың ғана емес, мектептің, қоғамның міндеті екендігін түсіне отырып, бүгінгі таңда қоғам-мектеп-отбасы бірлесе отырып қимылдау үстінде.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 октябрь 2015 Отчет за 9 месяцев
22 июль 2015 Хабарландыру!
16 февраль 2015 Хабарландыру