"Ұлттық ойын - халық мұрасы" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2019

"Ұлттық ойын - халық мұрасы"

    №178 лицейде дене шынықтыру пәні мұғалімдері 5-7 сыныптар арасында  "Ұлттық ойын - халық мұрасы" атты тақырыпта ұлттық ойындар бойынша жарыстар өткізді.

Ұлттық ойын жарысының мақсаты : Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ, арқан тартыс ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру болып саналады.

Ұлттық ойын жарысының міндеттері:

1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыра отырып, ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
 2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
 3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Ұлттық ойындарды насихаттай отырып, ойын түрлерімен балалардың күштілік,ептілік, жылдамдылық, икемділік қасиеттерін дамыту,бос уақытта әртүрлі ойындар ойнаған баланың денсаулығы үшін өте пайдалы екенін,жастардың ұлттық сана - сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша екенін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушыларға айтып өтті.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: