«Заманауи білім беру үрдісін жаңғырту траекториясын қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнция өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заманауи білім беру үрдісін жаңғырту траекториясын қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнция өтті.
09
декабрь
2022

«Заманауи білім беру үрдісін жаңғырту траекториясын қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнция өтті.

Алматы қаласы №178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдығына арналған «Заманауи білім беру үрдісін жаңғырту траекториясын қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнция өтті. Конференцияда білім беру үдерісін дамытудағы педагогикалық ізденіс аймағын қалыптастыру және заманауи инновациялық технологияларды дәріптеу, кәсіби тәжірибесін зерделеу және қолдау көрсету, педагогтер арасында тәжірибе алмасу қарастырылды. Халықаралық деңгейдегі іс-шараның ұйымдастырылуына педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, университет бойынша педагогикалық цикл пәндері кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж.Колумбаева, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Г.С. Саудабаева үлкен қолдау көрсетті. Ашылу салтанатын, №178 мамандандырылған лицей директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор К.Х.Шадиев алғы сөзбен бастап, Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы К.М.Акмурзаева конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, құттықтау лебізін білдірді.
№178 мамандандырылған лицейдің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Даулетбаева аралас форматта өткізіліп отырған пленарлық отырыстың отандық және шетелдік қонақтарымен таныстырды.
Конференцияда шетелдік ғалымдар: М.В.Ломоносов атындағы ММУ профессоры С.И.Аллахвердиев (Ресей) «Основные компетенции инновационных технологий в учебном процессе», Баку Мемлекеттік Университетінің, әлеуметтік және педагогикалық психология кафедрасының психология философиясының PhD докторы Л.М.Джаббарова (Азербайджан) «Тенденции развития социально-психологической помощи в образовательных учреждениях» тақырыбында баяндамаларын ұсынды.
Сондай-ақ, отандық ғалымдар: Абай атындағы Қаз ҰПУ зерттеу қызметі жөніндегі проректор, Заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Ә.Бөрібаев, университет бойынша педагогикалық цикл пәндері кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж.Колумбаева, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Г.С.Саудабаева қазіргі білім беру проблемалары, осы саладағы ұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту туралы өз ойларымен бөлісті.
Заманауи білім беру үрдісін жаңғырту траекториясын қалыптастыру аясында баяндамалар оқып, сұрақ-жауап алмасты.
Лицей директоры К.Х.Шадиев халықаралық ғылыми-конференцияға қатысушы қонақтарға алғысын айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: