«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдармен оn-line кездесу өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдармен оn-line кездесу өтті
08
апрель
2021

«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдармен оn-line кездесу өтті

   2021 жылы 8 сәуірде «Ғылым және технология» айы аясында Алатау ауданы білім беру мекемелерінің оқушыларының қатысуымен №178 мамандандырылған лицейде «Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдармен оn-line кездесу өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы - директордың ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары Досқожаева Н.Е. Кездесудің мақсаты - оқушыларға ғылым әлемінің құпия сырларын ашатын жас ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарымен таныстыру және оқушылардың әртүрлі саладағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру. Кездесуді №178 мамандандырылған лицей директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған проф. міндетін атқарушы Шадиев Қ.Х. жүргізді.
      Қонақ ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ жас ғалымдары, қазақ тілі пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жиренов С.А., филология және көптілді білім беру институты, шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Абдрахманов Д.Д.,  «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Рыстыгулова В. Б. және жас ғалым, академик, PhD докторы Нұрлыбаев Р.Е. қатысты.
      Қатысушылар ғылым әлеміндегі өз ойларымен бөлісіп, ғылыми қызметтері туралы әңгімеледі. Оқушылар қонақтарға көптеген сұрақтар қойып, олардан мағыналы да тұщымды жауаптар алды.



 
















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: