Әбдімәжит Қоңырбайұлының отбасы қонаққа келді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әбдімәжит Қоңырбайұлының отбасы қонаққа келді.
29
ноябрь
2022

Әбдімәжит Қоңырбайұлының отбасы қонаққа келді.

     «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстазымыз, математика пәні мұғалімі Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлының құрметіне арнап Алматы қаласы мамандандырылған білім беру орындары арасында математикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Әбдімәжит Қоңырбайұлының сүйікті жары Шоланбаева Алтыншаш Тілеукенқызы, қызы «BILIM school» мектебінің директоры Айман Әбдімәжитқызы және басқа қонақтар келіп, ашылу салтанатына қатысып, өздерінің алғыстарын білдірді.
Келген қонақтар №178 мамандандырылған лицейдің жетістіктерімен танысып, мақтанышымызға айналған Әбдімәжит Қоңырбайұлына атындағы кабинетте көптеген қызықты естеліктерімен бөлісті.
Ұлы тұлғаның – ұлы есімі мәңгі естелік! Әбдімәжит Қоңырбайұлының жасаған барлық жақсылықтарын естен, шығармай, мақтан тұтамыз. №178 мамандандырылған лицейдің іргетасын қалап, осындай биік шыңдарға шығуына үлесін қосқандығына лицей ұжымы атынан мың алғыс білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: