Ә.Қ. Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ә.Қ. Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті!
29
ноябрь
2022

Ә.Қ. Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті!

     2022 жылдың 28 қараша күні №178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай, «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының қолдауымен Құрмет орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, математика пәні мұғалімі Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлы атындағы математикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Алматы қаласының 10 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 37 оқушы өзара білім додасына түсті.

Сайыс 2 турға бөлінді: І тур – тесттік тапсырмаларды орындау, ІІ тур – математикалық есептер шығару. Ең жоғары балл жинаған оқушылардың 45% жүлделі орынға ие болады.

Марапаттау салтанаты 2022 жылдың 10 желтоқсан күні №178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында өтеді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Білім шыңына жетелеуші жас дарын иелерін болашақта елінің беделін көтеретін биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз! 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: