Лицейіміздің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейіміздің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды.
24
ноябрь
2022

Лицейіміздің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды.

    Адамзат ғасырлар бойы аңсаған аспанды бағындыру жоспарын бүгінгі күні жүзеге асырған бір дүние бар. Ол - авиация жүйесі! Ұшақтар мен тікұшақтар аспан әлемін бағындырып, құпияларын ашты! Әуе кеңістігінің қыр-сырын танып, білу үшін 23.11.2022ж. күні N178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды. Саяхатқа бару мақсаты: аспан әлемін бағындырып жүрген авиация жүйесінің құрылысын, жасалу жолдарымен қатар жұмыс барысымен танысу, функционалдық сауаттылықты дамыту, кәсіптік бағыт алу.
Оқушыларға бағыт-бағдар берген директордың орынбасары Омаров Дарижан Лезбекович пен техникалық бақылау бөлімінің орынбасары Шарбеков Қанат Ботабековичке үлкен алғыс білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: