Ғылыми-әдістемелік кеңес «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ғылыми-әдістемелік кеңес «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында өткізілді.
01
ноябрь
2022

Ғылыми-әдістемелік кеңес «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында өткізілді.

    Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған Ғылыми-әдістемелік кеңес «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында өткізілді. СДУ «Қоғамдастық және қарым-қатынас» орталығының директоры Р.Омаров мырза инновациялық орталықтың қызметі барысында ақпарат беріп, кеңес жұмысына табыс тіледі. «Дарынды балаға – талантты ұстаз» тақырыбында ұйымдастырылған кеңестің панельдік сессиясына СДУ физика пәнінің мұғалімі, физика бағдарламасының координаторы, физика пәні бойынша олимпиада құрамасының жетекшісі, PhD С.Максутов, СДУ «Біліктілікті арттыру және Инновация» орталығының директоры А.Маулет, осы орталықтың тренері А.Есенбекова қатысып, «Күрделі физика есептерін шешудің жолдары», «Іс-әрекетке мотивация, «Мектеп негізінде ғылыми зерттеудің маңыздылығы» тақырыптарында өз ойларын ортаға салды. Ашық сұхбатқа пән мұғалімдері де қатысып пікір алмасты. Кеңестің екінші бөлімі «Табысты мұғалім келбеті» тақырыбындағы шеберлік сыныптармен жалғасты. Тәжірибе және ақпарат алмасуға негізделген Ғылыми-әдістемелік кеңес сұрақ-жауап алаңына ауысып,тақырыптар талқыланып, оның пайдалы тұстары сарапталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: