«Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту арқылы оқушылардың ғылыми-танымдық көзқарасын арттыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту арқылы оқушылардың ғылыми-танымдық көзқарасын арттыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
15
июнь
2022

«Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту арқылы оқушылардың ғылыми-танымдық көзқарасын арттыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

   №178 мамандандырылған лицейде «Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту арқылы оқушылардың ғылыми-танымдық көзқарасын арттыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарға «Өрлеу» Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Назима Балапанқызы Жакыпованың басқаруымен біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатқан физика пәнінің мұғалімдері қатысты. Алғы сөзбен лицей директоры, э.ғ.к., қауымд. профессор Қ.Х. Шадиев бастап, тәжірибелік семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
   Семинар барысында физика пәнінің мұғалімдері, педагог-зерттеуші Талап Абайкенұлы мен педагог-модератор Дәулетбек Сапақұлы «Физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын дамытудың әдіс-тәсілдері», педагог-шебер Гүлнәр Нәбиқызы «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына, шығармашылыққа баулудағы ғылыми жобаның тиімділігі», педагог-зерттеуші Тұрсын Қалбия «Физика пәнінен олимпиада есептерін шығару тәсілдері», педагог-зерттеуші Тастанова Жанат Оразовна мен педагог-модератор Данияр Құрманжанұлы «Эксперимент арқылы физика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбымен шеберлік сыныптарын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. 
   Семинардың ІІ бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Г.А. «Менің лицейден алған алғашқы әсерім» mentimeter бағдарламасы арқылы қатысушылармен кері байланыс жүргізді. «Физика пәнінің мұғалімдерінің жұмыс орнын және оқушы жетістіктерін дамыту ортасын қалыптастыру» панельдік сессиясы ұйымдастырды. Панельдік сессия жұмысына физика пәнінің мұғалімдері, Слямгалиева Г.Н., Смагулов Т.А., Жумагулова С.А. және Тұрсын Қ. қатысты. Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сандуғаш Тұрлыханқызы мен Шайдазым Аяулым «Физика кафедрасының бірізділігі» тақырыбымен кафедраның электронды website жүйесімен таныстырды. Ал лицей психологі Ж.А. Агажанованың психологиялық тимбилдингісі тәжірибелік семинарға қатысушыларға сергіту сәтін сыйлады.
Семинар соңында семинарға қатысушылар кері байланыс пен ыстық ықыластарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: