Көктемгі демалыс уақыты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2019

Көктемгі демалыс уақыты

Көктем-ең тамаша жыл мезгілдерінің бірі, себебі оқушылардың сағына күткен көктемгі демалыстары басталады. Көктем- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жеке қызығушылықтарын дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын уақыт. Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында арнайы «Көктемгі демалыс» іс - шара жоспары жасалып, бекітілді.
24 наурыз күні оқушылардың білім мен бірге өнерге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу мақсатында «Мир, в котором я живу» атты республикалық конкурсына лицейіміздің 6 сынып оқушысы Солтанбек Ахмет қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республикалық рухани жаңғыру фестиваль- конкурсының «Сәндік өнері» номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Егізбай Әбілхайыр І дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. Конкрусқа оқушыларымыз жоғарғы деңгейде дайындағаны үшін Кутумов Берік Набиевич алғыс хатпен марапатталды.

27.03.2019 жыл Алматы қаласы білім басқармасы, қалалық дене шынықтыру және спорт оқу- тәжірибелік орталығы Жастар жылына арналған Таэквондодан WT балалар және кадеттер арасындағы ашық турнирда №178 лицей оқушылары жүлделі орындарға ие болды: Жазылбекова Мариям 1-орын, Сейсанбаев Ерсұлтан 1-орын, Қоңырбай Нұржан 2-орын, Қожаева Айша 3-орын иеленді. Жетекшілері Шыныбаев Қайсар шәкірттері ерекше өнерімен дараланып жеңімпаз атанғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: