Бокстан 3 дүркін Азия және 2 дүркін Әлем біріншіліктерінің күміс жүлдегері, "Токио-2020" жазғы олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен кездесу өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бокстан 3 дүркін Азия және 2 дүркін Әлем біріншіліктерінің күміс жүлдегері, "Токио-2020" жазғы олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен кездесу өткізілді.
09
апрель
2022

Бокстан 3 дүркін Азия және 2 дүркін Әлем біріншіліктерінің күміс жүлдегері, "Токио-2020" жазғы олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен кездесу өткізілді.

Бокстан 3 дүркін Азия және 2 дүркін Әлем біріншіліктерінің күміс жүлдегері, "Токио-2020" жазғы олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев лицейіміздің оқушыларымен кездесуге келіп, "Қазақтың қайсар ұлы - Қамшыбек батыр!" тақырыбында жазылған эссе байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, өзі қаржылай демеушілік танытып, оқушыларымыздың мерейін өсіріп, ерекше жігер беріп кетті. Кездесуді лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы құттықтау сөзбен ашып, оқушыларымыз чемпионмен сұрақ-жауап ретінде пікір алмасып, шеберлік сағатын өткізіп, керемет кездесудің куәгері болды. Сондай-ақ чемпионымызға лицей әкімшілігі тарапынан және кәсіпкер Данияр Доғдырбайұлының атынан арнайы шапан жабылып, сый-құрмет көрсетілді. Кездесу кешінде Қамшыбек Қоңқабаев ең үздік соққы жасаған Ойықбай Аланға Геннадий Головкиннің TRIPLE G, GGG қолғабын сыйлыққа табыс етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: