Еліміздің атақты спортшысы Нығметуллаев Марат Талғатұлымен кездесу өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еліміздің атақты спортшысы Нығметуллаев Марат Талғатұлымен кездесу өтті.
14
март
2022

Еліміздің атақты спортшысы Нығметуллаев Марат Талғатұлымен кездесу өтті.

     ⛳️Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спортты дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мен отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында №178 мамандандырылған лицейде еліміздің атақты спортшысы, қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2017 жылғы әлем чемпионы, 2015, 2016, 2017 жылдардағы Еуразия барысының чемпионы, 2015-2021 жылдар аралығындағы Қазақстан чемпионы Нығметуллаев Марат Талғатұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Марат Талғатұлы «өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт» екендігін айта келе, спортта жеңіске жету үшін күндіз-түні жаттығу қажет екенін, жеңістің ащы термен келетінін түсіндіріп, оқушылардың жігерін жандандырды. Лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович Марат Талғатұлына лицей атынан үлкен алғысын білдіріп, халықаралық жарыстарда еліміздің әнұранын асқақтатып, туын желбірететініне кәміл сенетіндігін айта келе, жаңа жеңістер мен толағай табыстар тіледі.
⚜️Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктеріңіз бен табыстарыңыз арта берсін, Марат Талғатұлы!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: