27
январь
2022
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Биология білім бағдарламалары» бөлімінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Айдарбаева Дина Кайсарбековнамен кездесу өтті.
Оқушылардың жаратылыстану бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру мақсатында №178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Биология білім бағдарламалары» бөлімінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Айдарбаева Дина Кайсарбековнамен кездесу өтті. «Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары» тақырыбында өткен кездесуде Дина Кайсарбековна лицейдің жас ғалымдарының биология бағыты бойынша жазылған бірнеше ғылыми жобаларын тыңдап, ұсыныстар берді. Кездесу барысында оқушылар сұрақтар қойып, мағыналы жауаптар алды.