Жаратылыстану кафедрасы мұғалімдерінің сессия жұмысы онлайн форматта өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану кафедрасы мұғалімдерінің сессия жұмысы онлайн форматта өтті
20
август
2021

Жаратылыстану кафедрасы мұғалімдерінің сессия жұмысы онлайн форматта өтті

2021 жылдың 21 тамызында Алматы қаласы бойынша орта білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерінің сессия жұмысы тамыз конференциясы онлайн форматта өтті. №178 мамандандырылған лицейдің биология, химия, география, өзін-өзі тану мұғалімдері қатысып, 2021-2022 оқу жылына қойылған міндеттемелермен танысты.
«Қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою, оқыту сапасын арттыру шарттарының бірі» тақырыбы бойынша ұстаздар таныстырылым жасады.
Әр пән бойынша білікті ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. Біздің лицейдің биология пәнінің мұғалімі Бастерова Балхия Айдаркуловна «Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуда STEM технологиясын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. STEM техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған жұмысы арқылы мотивациясы артады, алған білімінің нәтижесін көреді. Нәтижесінде олардың ғылым бойынша түсініктері тереңдей түседі, ал көпшілігінде жаратылыстануға деген қызығушылықтары қалыптасады. Бүгінгі таңда STEM білім беруді дамыту саласында халықаралық ынтымақтастық жүзеге асырылып отыр.
Бүгінгі өткен тамыз конференциясынан аларымыз өте көп. Ұйымдастырған, өз іс-тәжірибелерімен бөліскен білікті ұстаздарға алғысымыз шексіз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: