Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!
14
июль
2021

Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!

Естеріңізге саламыз❗❗❗
🟢 Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.
💬 Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:⤵️
✅Ересектерсіз жолға шығуға болмайды, егер ересек адаммен бірге келе жатсаңыз қолыңызды босатпаңыз, тротуардан шықпаңыз.
✅Көшеде жай қадаммен, асықпай тротуардың оң жағымен жүру керек.
✅Жолдан өтер кезде жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл сигналына барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізіңіз.
✅Жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналған.
✅Қоғамдық көлікте қолыңызды немесе қандай да бір заттарды терезеден шығаруға болмайды.
💬 Табиғатқа шыққан кезде мынаны есте сақтаңыз:⤵️
✅Жазғы уақыттағы жорықтар, серуендер мен экскурсиялар кезінде балалардың шомылуына шырмауықтан, балдырлардан және тұнбадан таза, таяз ыңғайлы жер таңдалуы керек.
✅Су айдындарына ересектер тарапынан қараусыз балаларды жіберуге болмайды.
✅Шомылып жатқан баланы үздіксіз бақылау керек.
✅Шомылу кезінде балалардың суға секіруіне және қоршау таяныштарынан немесе жағадан суға сүңгуіне тыйым салу қажет.
✅Балалардың суда ойнауына жол бермеу керек.
💬 Егер сіз балалармен қонаққа барсаңыз немесе қонақтар келген болса:⤵️
✅Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің назарында болуы керек.
✅Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан (өткір, кескіш, сіріңке, токқа қосылған заттар және т. б. босатыңыз.).
✅Балалар ас үйде, ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнап жүрмегеніне көз жеткізіңіз.
✅Егер балалардың ойын алаңы жолдың жүру бөлігіне жақын болса, балаларға өте мұқият болыңыздар.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: