«Алатау аруы 2021» лицейішілік байқау » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2021

«Алатау аруы 2021» лицейішілік байқау

03.03.21ж. ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі аясында және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Алатау аруы-2021» лицейішілік байқау 9-10 сынып қыздары арасында «Zoom» платформасы арқылы виртуалды форматта өтті.
    Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қыз өссе – елдің көркі» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттауды басты мақсатта ұстанған арулар төмендегі сайыстар бойынша сынаққа түсті:
1) «Сыр мен сымбат сұлулығы» сәндік киім үлгісін көрсету, сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне және берілген уақытта өзін-өзі таныстыру;
2) «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» сайысында өнерпаздық деңгейін бағалау, ән айту, би билеу, мәнерлеп өлең оқу бойынша өнерлері сыналды;
3) «Зерделінің ойы озық» сайысында салт дәстүрлер, танымдық сұрақтар бойынша білімі бағаланды;
4) «Аспаздық өнер»  сайысында  арулар  өздерінің қолынан келетін бір аспаздық өнерін көрсетіп және қалай жасағаны туралы әңгімеледі.
     Таласқа толы байқауда ару қыздар өз өнерлерін барынша ортаға салып, жан-жақты қырларынан таныла білді. Қазылар алқасының анықтауы бойынша, ерекше қырынан танылған 10 «В» сынып оқушысы Нурумкулова Айзада "Алатау аруы-2021" байқауының жеңімпазы атанды. Қатысушы әр арудың көрсеткен өнерінің артықшылықтарына қарай номинациялар бекітілді: «Өнерлі ару», «Білімді ару», «Инабатты ару», «Көрікті ару» және «Биші ару» номинациялары бойынша барлық сайыскерлер марапатталды. Қатысқан аруларға сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.
    Сайыс онлайн көрермендер тарапынан да, қатысушы арулар тарапынан да жоғары дәрежеде бағаланды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: