"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..." » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
февраль
2021

"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..."

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына сай Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы"  ұйымдастырған "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..." атты  байқауының лицейішілік кезеңі ақпан айының 2-де № 178 мамандандырылған лицейде орта буын 5-7 сынып оқушыларының арасында өтті.
Байқаудың мақсаты: жас ұрпақты көркем әдебиеттің озық үлгілері арқылы рухани, адамгершілік және патриоттық сезімдерге тәрбиелеу. Дарынды балаларды анықтау, оларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру. 
 Лицейішілік байқауға қатысқан 5-7 сыныптардың дарынды оқушылары ақынның шығармаларын мәнерлеп оқып,  әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсете білді. Сонымен қатар, лицейішілік іріктеуден өткен оқушыларымыз аудандық М. Мақатаев оқулары байқауына жіберілді. Шәкірттеріміздің аудандық байқаудан сүрінбей өтулеріне тілектеспіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: